Қайырлы күн құрметті ата-аналар!
Жаңаөзен қаласы әкімдігінің мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны «Темірлан» балабақшасының парақшасына қош келдіңіздер.
Мен Есиркепова Тлектес Барахатовна осы балабақшаның меңгерушісі болып жұмыс атқарамын. Балабақша 2019 жылдан бастап жұмыс жасап келеді.
Қазіргі уақытта 2 топ жұмыс жасайды.
1 топ қазақ тілінде, 1 топ орыс тілінде. Олармен жоғары білікті мамандар: дефектолог, логопед, педагог-психолог және тәрбиешілер жұмыс жасайды. Балалармен тиімді жұмыс істеу үшін қажетті заманауи және тиісті жабдықтармен жабдықталған.
Балабақшада:
- Педагог-психолог;
- Логопед кабинеті;
- Музыкалық және спорттық залдар.
- Жақын арада тұз кенішін ашқымыз келеді.
Қазіргі уақытта балабақша кезекші топтар режимінде жұмыс істейді.
Ақжарқын және ынтымағы жарасқан ұжым, балалардың жан-жақты дамуына, денсаулығын нығайтуға барлық жағдайлар жасалған. Балалар мектепте ойдағыдай оқуы үшін қажетті құзыреттіліктерді қалыптастырады.
Біздің мұғалімдер өз жұмыстарында жаңа технологияларды қолданып қана қоймай, өздерінің әдістемелік ұсынымдары мен бағдарламаларын да сәтті жасайды.
Балабақшаның міндеті - мектеп жасына дейінгі балалардың табысты, креативті ойлау, әлеуметтік бейімделген тұлға ретінде қалыптастыру.
Біздің балабақшаның тәрбиеленушілері бірнеше рет онлайн-қалалық, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысып, жеңімпаздар үздік орын бас жүлде мен I, II, III дәрежелі дипломдар мен медальдармен марапатталған.
Біздің тәрбиеленушілер мейірімді, жанашыр адамдар болып өскенін қалаймыз. Өз Отанын сүйіп, балабақшаға махаббатпен келулеріне ат салысамыз.
Отан Отбасынан басталады. Отбасындағы тәрбие - оқу үрдісінде маңызы зор.
Сондықтан, құрметті ата-аналар, сіздердің ұсыныстарыңыз бен ұсынымдарыңыз біздің балабақшаның парақшасынан көруге қуаныштымыз. Біз кез-келген сұрақтарыңызға жауап беруге және Сізбен тығыз жұмыс істеуге дайынбыз.

